Полицейлер қауіпсіздік сабағын өткізді

Полицейлер қауіпсіздік сабағын өткізді

                                                                           Полицейлер қауіпсіздік сабағын өткізді

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Aq jol»балалар-жасөспірімдер жас инспекторларқозғалысы клубыныңалаңында балалар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған қауіпсіздік сабағы өтті.

Іс-шара барысында полицейлер Өскемен қаласының түрлі мектептерінен білім алушылардың білім дағдыларын бекітті. Балаларға қауіпсіздік жадынамалары ұсынылды.

Сабақтың практикалық бөлімінде полицейлер балалармен бірге ең қауіпсіз «үйден-мектепке» баратын жолдарын салды, онда жолдардың қауіпті учаскелеріне назар аударылды.

-Балалардың жол - көлік жарақатының алдын алу, сондай- ақкөшелер мен жолдарда қауіпсіздік дағдыларын бекіту мақсатында, ШҚО аумағында «Назар аударыңыз-балалар!» ЖПІШ өткізілуде. Аталған іс-шара екі кезеңде өткізіледі, бірінші кезең-22-ші тамыздан 31-ші тамызға дейін және екінші кезең-1-ші қыркүйектен 12-ші қыркүйекке дейін өтеді.Балалар жарақатының алдын алуға бағытталған мұндай шаралар барлық білім беру мекемелеріндежүргізіледі, - деді ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионов.

Өз кезегінде қонақ ретінде шақырылған «Жолдос» мультфильм кейіпкері жаяу жүргіншілерге арналған өткелдердің бірінде дабылды-дауыстық құрылғы арқылы, жүргізушілерді жылдамдықты төмендетуге шақырды, әр жүргізуші біріншіден  ата-ана екенін еске салды.

Айта кету керек, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Aq jol» балалар-жасөспірімдер жас инспекторлар қозғалысы клубының базасындаполицейлер педагогтармен бірге балалар мен жасөспірімдерді ғана емес, олардың ата-аналарын да шақыра отырып, Ашық есік күнін ұйымдастыруға ниетті. Келушілерге «Танысайық», «Жол белгілері елінде», «Жас қозғалыс инспекторы – мақтанышпен естіледі»!сондай-ақ балаларға «Жолдос көмекке асығады» мультфильмі көрсетіледі.

Мәселен, 2022 жылдың 7 айында Шығыс Қазақстан жолдарында балалардың қатысуымен 62 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның барысында үш кәмелетке толмаған бала қаза тауып, 64 бала жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО саны 11,4 пайызға, жарақат алғандар – 14,7 пайызға төмендеді.  

Жол-көлік оқиғаларына жасалған талдау бойынша 26 апатында 27 бала-жаяу жүргінші зардап шеккен.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі