ШҚО полицейлері көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу ережелерін түсіндірді

ШҚО полицейлері көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу ережелерін түсіндірді

                                                                           ШҚО полицейлері көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келу және болу ережелерін түсіндірді

 

«Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысына сәйкес сондай-ақ тұлғалар, «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдік азаматтар жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаттарсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға жіберілмейді.

Рұқсат алу үшін қабылдаушы жеке тұлғалар ХҚКО жүгінуі қажет. Жұмысқа рұқсат алғаннан кейін жеке тұлға Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат алу үшін көші-қон қызметіне жүгінеді.

Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзушылықтар, яғни еңбек қызметін жүзеге асыру және елде рұқсатсыз тұру анықталған жағдайда шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі