
ШҚО ПД бастығы «Сергек» АБК-ға барды
Ағымдағы жылдың 19 тамызында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген рейдтік іс-шаралар шеңберінде ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне барып, «Сергек-қорғау» қосымшасының жұмысын тексерді.
Аталған қосымша қолданысқа енгізілген сәттенбастап (30.04.2022 жыл) Өскемен қаласының аумағында 869 автокөлік ұсталды, оларға 15 миллион теңгеден астам сомаға жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 086фактісі тіркелді.
Жалған мемлекеттік нөмірлері бар көлік құралдарын жүргізгені үшін 7 жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, 207 автомобиль мамандандырылған тұраққа қойылды, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 68 мемлекеттік нөмір алынды.
«Көркем-Телеком» ЖШС «Сергек Шығыс» филиалының директоры Снегур Алексей Никитовичпен және ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ басшысының орынбасары Қайырдұлда Рахатпен проблемалық мәселелерді талқылай отырып, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков Өскемен қ. ПБ бастығы полиция полковнигі А.В. Мулаға одан әрі шешу үшін бірқатар міндеттер жүктеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі