
«Түнгі қаладағы балалар»: ШҚО-да 3 жасөспірім ішімдік ішкені үшін жауапқа тартылды
Оқу жылының басталуы қарсаңында ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қызметі кәмелетке толмағандар арасында орын алатын құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап аптаның әр демалыс күндері «Түнгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары өткізілуде. Қазірдің өзінде 78 рейдтік іс-шара өткізіліп, оның барысында қоғамдық орындар, компьютерлік клубтар, ойын-сауық мекемелері тексерілді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін барлығы 143 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 22 кәмелетке толмаған жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
- Тіркеусіз тұрғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша) - 16;
-Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша)- 3;
-Алкогольді ішімдіктерді ішкені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша) -2;
-Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы бойынша) – 1 және кәмелетке толмағандардың 121 заңды өкілдері:
-Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс болғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша) - 83;
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша) - 6;
440-баптың (ҚР ӘҚБтК) 2, 3-бөлігі бойынша кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін – 3;
- Өзге де құқықбұзушылықтар - 29.
Рейдтік іс-шаралар кезеңінде тұрғылықты жері бойынша 171 кәмелетке толмаған, 241 қолайсыз отбасы тексерілді, оның ішінде 2 кәмелетке толмаған және 7 қолайсыз отбасы есепке алынды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі