
ШҚО полицейлері республикалық чемпионата жүлделі болды
2022 жылдың 11-13 тамызы аралығында ІІМ және «Динамо» ДСҚ-ның ұйымдастыруымен Атырау қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері, күш құрылымдары мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан республикалық чемпионат өтті, оған еліміздің барлық облысынан 23 команда спортшылары қатысқан.
Аталған чемпионатқа Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының қызметкері полиция капитаны Смаилов Асылбек Байронұлы 88 кг салмақ дәрежесінде тартысты таласқа түсіп, өзінің кәсіби шеберлігінің арқасында өз салмағында «күміс» жүлде иегері атанды.
Полиция капитаны Нұрсұлтан Әлимұратұлы Жұмағалиев 97 келі салмақ дәрежесінде «қола» медаль иегері атанды.
Асылбек пен Нұрсұлтан бала кезінен спортпен шұғылданады. Қызмет саласында өздерін жақсы жағынан танытып, білімі мен білек күштерін көрсете білді. Қай уақытта болсын қызмет пен спортты қатар алып жүретін Асылбек пен Нұрсұлтанға алдағы уақытта көптеген жеңістер тілейміз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі