ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты ұстады

ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты ұстады

                                                                         ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты ұстады

 

Ер адам Ресей Федерациясының аумағында ұсталды.

2019 жылдың маусым айында Риддер қ.ПБ қызметкерлері зираттардың темір қоршауларын ұрлап, ал қылмыстық жолмен алынған заттарды металл қабылдау пункттеріне тапсырумен айналысқан 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Сот аталған азаматты ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соттап, алайда жазаны қоғамнан оқшаулаусыз өтеуге мүмкіндік беріп, сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Алайда, сотталған өзіне жүктелген міндеттерді бұза бастаған, Риддер қ. пробация қызметінің бақылауынан жасырынған. Одан кейін 2020 жылы пробация қызметінің қызметкерлері іздестіру жариялау үшін сотқа құжаттар жолдап, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері іздестіріліп жатқан сотталушының РФ-да жасырынған жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі шешілуде.

                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі