
Шина бойынша ескерту!
Әкімшілік полиция басқармасы, жүргізушілерге жаз айларында көлік құралдарында сырғанауға қарсы шиналарды пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.
Маусым мен тамыз аралығында жазда шипті резеңкені пайдалануға Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентімен және Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларымен тыйым салынады.
Тасжол жамылғысында шипі бар көлікті жүргізу өте қауіпті, өйткені кенеттен тежеу кезінде олар жабынның бетіне жабыспайды, бірақ сырғып кетеді, бұл автокөліктердің тежеу жолын едәуір арттырады және жол-көлік оқиғаларының пайда болуына әкеледі.
Осындай шиналары бар автокөліктерді пайдалану үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 – бабының, 5-бөлігі бойынша салынатын айыппұл сомасы-5 АЕК әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Жүргізушілер көлік құралдарының техникалық жағдайына және резеңке жағдайына мұқият қарау керек.
Жарамды автокөлік-Жол қозғалысы қауіпсіздігінің кепілі!
ШҚО ПД баспасөз қызметі