
Өскемен тұрғыны есірткімен қолға түсті
Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ҚР Ұлттық Ұланыныңарнайы мақсаттағы жасағымен бірлесіп тәртіп сақшылары Өскемен қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған азаматтың үйін кідіріссіз тінту барысында полицейлер ішінде өсімдік тектес қоңыр-жасыл түсті заты бар 1 полимер пакетті, сондай-ақ бөлмелердің бірінде тұрған жейде қалтасынан өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес заты бар түйіншек және де осы бөлмеде күдіктінің күртешесінің қалтасынан тағы да 10 түйіншек табылып алынды.
Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес,тәркіленген заттардың барлығы жалпы салмағы 438,50 граммды құрайтын кептірілген марихуана болып табылады.
40 жастағы өскемендікке қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі