
Өскемен тұрғыны есірткімен ұсталды
Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының 31 жастағы тұрғынынан 50 граммға жуық марихуана тәркіледі.
Космическая көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары өзін ұстауы күдік тудырған ер адамға назар аударды. Полиция қызметкерлерін көрген соң, жүрісін тездетіп, жасырынуға тырысқан.
Жеке тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары ұсталған адамнан өсімдік тектес заты бар полиэтилен пакет пен жасыл түсті заты бар қағаз түйіншекті тауып алып, тәркіледі. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес зерттеуге ұсынылған заттар жалпы салмағы 46,16 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 296 - бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі