ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлаған

ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлаған

                                                                           ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлаған

 

Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында Глубокое ауданының полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны жүгінді. Ер адам сол күні үйде отырып, еркін қол жеткізу арқылы жатын бөлмесінде тұрған сейфтің кодтық құлпын бұзып, онда сақталған 3 500 000 миллион теңге ұрлап кеткентанысын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі