Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды

Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды

                                                                           Бақшасында марихуана өсірген өскемендік ұсталды

 

«Қарасора-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі сақтады деген күдікпен облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ұстады.

Тінту барысында жасыл-қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар картон қорап, 4 полимерлі түйін және өсімдік тектес заты бар 2 газет түйіні табылды және алынды, сонымен қатар қаскөйден салмағы 7500 грамм болатын 39 түп қарасора табылды.

Жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес, ер адамнан алынған зат салмағы 700 грамнан астам «кептірілген марихуана», 2 грамнан астам гашиш болғанын көрсетті.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 300 - бабының 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және ҚР ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі