
«Қауіпсіз жол» ЖПІШ: 7 000-нан астам бұзушылық анықталды
ЖКО - ға жол бермеу және көлік басқару тәртібін арттыру бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстары мақсатында, 2022 жылғы 21-31 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының саны арттырылды. Негізгі бұзушылықтардың ішінде мас күйінде көлікті басқарумен, басып озу, қарсы жүру, маневр жасау ережелерін сақтаумен байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезеңінде 7 240 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (мас күйінде көлік құралын басқару) - 46,
- ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы бойынша (көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану) – 701,
– ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдіктерін пайдалану) - 1250,
– ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) - 824.
Сонымен қатар, 200 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 106 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, 94 көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.
Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі