
«Anti-fraud» ЖПІШ: ШҚО полицейлері 3 күнде 10 киберқылмысты ашты
Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылғы 26-28 шілде аралығында ақпараттандыру саласында жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» мемлекетаралық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезеңінде облыс аумағында бұрын жасалған 10 қылмыс ашылды. Интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу нәтижесінде 31 заңсыз сайт анықталды (порнографиялық сипаттағы бейнероликтер).
Полиция департаменті кезекті бір рет сақтық шараларын сақтау қажеттілігін еске салады және интернет арқылы сатып алу кезінде сақ болуға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі