
«Жүргізуші құқығынан айырылған» есірткіге масаң жүргізуші көлік басқарған
Шілде айының басында Шемонаиха ауданында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Глубокое ауданының 29 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты.
Куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші автокөлікті есірткіге масаң күйде басқарғаны белгілі болды.
Биыл 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, қаскүнем көлік жүргізгені анықталды.
Ұсталған қамауға алынды, көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды,.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі –«Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі