
Тараз қаласының тұрғыны ШҚО аумағында «1С» лицензиясыз бағдарламасын таратқан
Шығыс Қазақстан облысының аумағында ағымдағы жылғы 26-28 шілде аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, алдын алуға және ашуға бағытталған «Anti-fraud» Мемлекетаралық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері осы уақыт ішінде 14 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтап ашты, олардың басым бөлігі - интернет-алаяқтық қылмыстары.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері «1С» бағдарламалық өнімін заңсыз таратып, авторлық құқықты бұзған Тараз қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу іс-шаралары барысында ұсталған адамның авторлық құқықты бұза отырып, «1С» бағдарламалық өнімдерін ақшалай сыйақы үшін орнатқаны (таратқаны) анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 198-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оған сәйкес санкция бойынша айыппұлдан бастап 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде жаза көзделген.
Полиция департаменті зияткерлік меншіктегі авторлық құқықты бұзу қылмыстық құқық бұзушылық екенін ескертеді.
Кәсіпкерлердің назарына, зияткерлік меншік өнімдерін заңды түрде сату үшін сатушыда құқық иесімен келісім-шарт болуы тиіс. Ресми іске асыру бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеумен қатар жүруі керек, өйткені бағдарламалық өнімдер кәсіпорынның балансында және қаржылық және статистикалық есеп берудің элементі болып табылады.
Сақ болыңыз, зияткерлік меншік өнімдерін жеке жарнамалардан сатып алмаңыз. Өз бизнесіңізді қорғаңыз. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбаны болмаңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі