
ШҚО тұрғынынан патрондар мен резеңке оқтар табылды
Глубокое ауданының полиция қызметкерлері облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын ұстады, оның пәтеріне тінту жүргізу барысында тәртіп сақшылары резеңке оқтар мен екі патронды тауып, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктіден алынған патрондар калибрі 18*45 мм арнайы травматикалық патрондар болып табылады, «Оса, Қарауыл» кешенінің ұңғысыз қаруы, яғни ұңғысыз атыс қаруы үшін жарамды оқ-дәрілер үшін қолданылады.
Жауап алу кезінде ер адам жоғарыда аталған патрондарды травматикалық Оса тапаншасымен бірге үйінің маңынан тауып алғанын, өзін-өзі қорғау үшін өзіне қалдыруды шешкенін айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі