Ер адам өз көлігін сатуға әрекет жасаған кезде алаяқтарға тап болған

Ер адам өз көлігін сатуға әрекет жасаған кезде алаяқтарға тап болған

                                                                   Ер адам өз көлігін сатуға әрекет жасаған кезде алаяқтарға тап болған

 

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Семей қаласының Орталық полиция бөліміне 69 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, 20 мамырда бейтаныс ер адам алдау және сенімге қиянат жасау арқылы сатып аламын деген сылтаумен оның жұмыс істемейтін «ВАЗ» автокөлігін иемденіп, кейіннен күдікті  оны қосалқы бөлшектер ретінде сатып жібергенін айтты. Жәбірленуші келтірілген залалды 250 000 теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөліміне ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша бұрын сотталған 30 жастағы ер адам жеткізілді. Тергеу барысында өз кінәсін мойындады. Ұрланған зат ішінара тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 - бабы 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі