
Семейлік тұрғын алаяқтың қармағына түскен
Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Семей қ.ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына 18 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 30 наурызда белгісіз тұлға интернет-мессенджер арқылы көмек көрсетуді сылтауратып оның ақшалай қаражатын алдап алғанын және оның атына тауарлық несие ресімдегенін айтқан.
Одан әрі талқылау барысында қаскүнем зардап шегушінің атына құны 278 000 теңге тұратын смартфон алғаны анықталды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары бұл қылмысқа қатысы бар 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оған қатысты келу міндеттемесі түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190 - бабы 1-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі