Ер адам шаруа қожалықтың 9 миллион теңгеден астам затын тонап кеткен

Ер адам шаруа қожалықтың 9 миллион теңгеден астам затын тонап кеткен

               Ер адам шаруа қожалықтың 9 миллион теңгеден астам затын тонап кеткен

 

Ағымдағы жылдың маусым айының соңында Бесқарағай аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің 64 жастағы басшысының өтініші келіп түсті, ол бетон бұйымдарының ұрланғаны туралы хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз тұлғалар 10-25 маусым аралығында Ерназар ауылының маңында еркін кіруді пайдаланып, 16 бетон іргетасын, 6 баған тірегін және 7 бетон арқалықты ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 9 300 000 теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі