Шығыс Қазақстанда жедел уәкілдер өзен жағасында жасырынған қылмыскерді ұстады

Шығыс Қазақстанда жедел уәкілдер өзен жағасында жасырынған қылмыскерді ұстады

                                                                           Шығыс Қазақстанда жедел уәкілдер өзен жағасында жасырынған қылмыскерді ұстады

 

2022 жылғы 25 мамырда Алтай ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінен жасырынып жүруіне байланысты 18 жастағы қылмыскерге қатысты іздестіру ісін жүргізу туралы қаулы шығарылды.

Алтай қаласының жас тұрғыны 2022 жылдың басында ШҚО № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын шектеуге сотталған.

Жігіт пробациялық бақылаудан қасақана жалтаруына, сондай-ақ тұрғылықты жерінде үнемі болмауына байланысты мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды.

Ер адам іздеуде болған уақыт ішінде ол бірқатар қылмыстарды, соның ішінде ақша мен ұялы телефондарды, сондай-ақ көлік құралын ұрлаған.

7-шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алтай ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Айбек Түсіпханов Алтай қаласында Хамир өзенінің жағасында жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады.

Қазіргі уақытта ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы - алаяқтық, ҚР ҚК 188-бабы – ұрлық және ҚР ҚК 200-бабы көлікті айдап кету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі