
Бірнеше күнге созылған іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Айбар Егізбаевты тауып, ата-анасына қайтарды.
9 жастағы Айбар Егізбаевты іздестіру шаралары сәтті аяқталды. Бүгін Семей қ.ПБ қызметкерлері жоғалған баланы Бобровка кенті көшелерінің бірінен тауып алды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары баланың осы уақытқа дейін қайда болғанын анықтауда. Полиция қызметкерлері баланы ыстық тамақпен тамақтандырып, ата-анасына табыстады. Табылған бала медициналық тексеруден өткізілді, денсаулығында кінәрат жоқ.
Іздеу жұмыстарына 1200-ден артық құқық қорғау қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және қала тұрғындары қатысып, 50-ге жуық техника жұмылдырылды. Іздестіру шаралары ШҚО ПД басшылығының жеке қадағалауында болып, іздеу жұмыстарына тартылған күштер мен құралдардың әрекеттерін үйлестіру үшін жедел штаб құрылды.
Іздеу жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппаттары тартылды. Екі күн бойы Бобровка кентіне және саяжай маңына тексеру жүргізілді.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі