ШҚО-да шіркеуден картина ұрлаған қаскөй ұсталды

ШҚО-да шіркеуден картина ұрлаған қаскөй ұсталды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Көкпекті ауданы Самарское ауылындағы шіркеуден өнер туындысын ұрлаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Күдікті қаңтардың 15-не қараған түні шіркеу аумағына кіріп, 250 000 мың теңге тұратын картинаны ұрлап кеткен.


"Көкпекті аудандық полиция қызметкерлері 2
9 жастағы қаскөйді ұстады. Ол шіркеуден картина ұрлаған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Заттай деректер тәркіленіп, қайтарылды", - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.