Балаларына 5 миллион теңгеге жуық ақша қарыз

Балаларына 5 миллион теңгеге жуық ақша қарыз

                                                                     Балаларына 5 миллион теңгеге жуық ақша қарыз

 

 «Нелегал-2022» жедел алдын алу шарасы аясында Семей қ. Полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемей жүрген, өзінің 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларына 5 жыл бойы ақша төлемеген, оларға 5 миллион теңге қарыз болған адамды анықтады.

- « 29 маусымда іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру бастамастан Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады» , - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі