
Өскемен тұрғындары арасындағы жанжалдан өрт шықты
Маусым айының ортасында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына Тынышпаев көшесінде өрт басталғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция оқиға орнына шығып, тексеру барысында 44 жастағы ер адам 48 жастағы бірге тұрған әйелімен жанжалдан кейін оның үйін қасақана өртегенін анықтады. Келтірілген шығын шамамен 6 000 000 теңгеге бағаланады.
Құқықтық тәртіп сақшыларының жедел іс-қимылдарының арқасында, қаскүнем ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді, онда жауап алу кезінде кінәсін толық мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі