
ШҚО-да шетелдіктерді тексеру жалғасуда
«Нелегал-2022» жедел алдын алу шарасы аясында Көші-қон қызметінің қызметкерлері базарларды, құрылыс нысандарын, сауда үйлері мен қызмет көрсету салаларын тексеруде. Кезекті тексеру барысында Өскемен қаласында шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактісі анықталды.
- « Тәжікстан Республикасының 12 азаматы әкімшілік ғимаратты жөндеу бойынша рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметін жүзеге асырды.
Өскемен қаласының сотымен шетелдік азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 25 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 519-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік материал жасалды", - деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтарға тиісті рұқсат ресімделуі қажет екенін еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі