Есірткіге қарсы туризм

Есірткіге қарсы туризм

                                                                           Есірткіге қарсы туризм

 

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімі халықтың қауіпсіздігі жөніндегі ведомствоаралық мобильді топпен, «DoGood» қоғамдық қорымен бірлесіп, жазғы балалар лагеріндегі 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында  Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан «Жігер» үкіметтік емес ұйымдар мен шығармашылық ұжымдарды тарта отырып, «Есірткіге қарсы туризм» спорттық-бұқаралық және мәдени-шығармашылық іс-шарасын өткізді.

Шараның негізгі мақсаты - өскелең жастардың бос уақытын ұйымдастыру, есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Акцияға 170-тен астам балалар мен жасөспірімдер қатысып, 30 баладан 6 жасақ бақ сынады, олар спорттық-би жарысына қатысты, онда әрбір өнер көрсету өзінше бірегей және жарқын болды. Әр жасаққа командалық сыйлықтар мен тәттілер таратылды. Жарыс соңында әуесқой шағын футбол ұйымдастырылды, сонымен қатар жағажайда аниматорлар балалардың көңілін көтерді.

Кешке қорытынды бөлімде жазғы эстрадада бал ұйымдастырылды, онда әр отрядтан іріктелген 6 жұп конкурстың 4 кезеңінде: «визит карточкасы», «зияткерлік конкурс», «шығармашылық конкурс», «Мистер және Мисс Жігер-2022» номинациясы үшін «костюмдерді таныстыру» сайысында бақ сынасты.

Белсенді қатысқаны үшін және жүлделі орындары үшін ЕҚІҚБ атынан балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді. «Есірткіге жоқ деп айт» логотипі бар футболкалар, қалпақшалар таратылды.

Есірткіге қарсы бағыттағы алдын алу жұмысына белсенді үлес қосқаны үшін лагерь басшылығы мен 16 педагог заманауи жастарды шығармашылық және спорттық тәрбиелегені үшін алғыс хаттармен марапатталды.

 

                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі