
Әйел мүліктен тыйым салуды алып тастау мақсатында 2 млн теңгеден айырылды
Ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Өскемен қ.ПБ Сол жағалау ПБ «102» жедел арнасына алаяқтық әрекетінің құрбаны болған облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, бұрын өзіне таныс әйел тыйым салынған мүлікті банктерден сатып алу сылтауымен және оларды одан әрі сату үшін оның 2 000 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған, 32 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.
Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 - бабы 3-бөлігі- алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі