
Малшылар 7 млн. теңгеден астам сомаға мал ұрлауға жол берген
Ағымдағы жылдың 14 маусымында Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Тарбағатай аудандық ПБ кезекші бөліміне жүгініп, оның 27 жастағы екі қызметкері (малшылар) өткен жылдың қараша айынан бастап 24 бас ірі қара малды ұрлағанын хабарлады. Осылайша жәбірленушіге 7 300 000 теңге көлемінде залал келтірді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады және полиция бөліміне жеткізді, онда ұсталған адамдар жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Ұрланған заттар ішінара тәркіленді.
Қаскүнемдерге қатысты келу туралы міндеттеу түріндегі мәжбүрлеу процестік шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189 – бабы 3-бөлігі бойынша-санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі