10 қаңтар күні таңғы сағат 6 шамасында полицияның кезекші бөліміне тонау қылмысының екі фактісі тіркелген. Жәбірленушілер азиат тектес белгісіз азамат Первомайская көшесінде орналасқан үйдің ауласында және Бозтаев көшесінде орналасқан дәмхана маңында оларға күш қолданып, ашық түрде құндыз құлақшыңын алып кеткенін хабарлаған.
Семей қ.ПБ Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнебақылау камераларын қарау барысында дер кезінде күдіктіні анықтады. Шақырту бойынша оқиға орнына жіберілген жол-патрулдік полиция қызметкерлері ізін суытпай қаскүнемді ұстады. Күдікті 28 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.
Бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған тағы бір тонау қылмысы 11 қаңтар күні Глинка көшесіндегі аялдамада орын алған. Сағат 14:30 шамасында аялдамада белгісіз ер азамат денесіне бірнеше рет соққы жұмсап, 35 жастағы қала тұрғынының қолынан «Винстон» маркілі бір блок темекіні алып кеткен. ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен ізі суымай осы қылмысты жасаған 37 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған фактілер ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Азаматтар көп жиналатын орындарда, көңіл көтеру орындарының маңында, қаладағы автомобиль жолдарының негізгі қиылыстарында және қала аумағынан шыға берісте Семей қ.ПБ Жедел басқару орталығының орталықтандырылған пультіне қосылған 45 цифрлық бейне бақылау камералары орнатылған.
2019 жылы осы бейнебақылау камераларының көмегімен 52 қылмыс ашылды, оның ішінде 3 тонау фактісі, 31 бұзақылық, 9-ы бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі.
Сондай-ақ 8000 астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың негізгі бөлігі, атап айтқанда 4867 жол жүру ережелерін бұзу, 1500-ден артық факті ұсақ бұзақылық, 1800-ден астамы қоғамдық орындарда ішімдік ішу фактілері.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі