Тапанша және «Кальмар ойыны» маскасымен: Өскемен қаласында ЖЖҚС-на шабуыл жасалды

Тапанша және «Кальмар ойыны» маскасымен: Өскемен қаласында ЖЖҚС-на шабуыл жасалды

                                                                   Тапанша және «Кальмар ойыны» маскасымен: Өскемен қаласында ЖЖҚС-на шабуыл жасалды

 

Ағымдағы жылдың 30 мамырында Өскемен қ.ПБ «102» жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал «Кальмар ойыны» сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 000 000 теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Сигналды қабылдап, тәртіп сақшылары осындай батыл қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапаншаның өзі үйде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192 – бабы 3-бөлігі - қарақшылық бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді».

 

                                                                                                                                ШҚО ПД Баспасөз қызметі