ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы басталды

ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы басталды

                                                               ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы басталды

 

27 маусымда облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Іс-шараның мақсаты - балалардың құқықтарын бұзу, балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандарды ойын-сауық мекемелерінде және үйден тыс жерлерде кешкі және түнгі уақытта болуларын анықтауға бағытталған.

Іс-шара барысында полицейлер заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үй-жайлардан тыс алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын, тыныштықты бұзатын, ұсақ бұзақылық жасайтын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартатын адамдарды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді.

Құрметті ата-аналар, ШҚО Полиция департаменті өз балаларының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды табанды түрде ұсынады. Ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау жауапкершілікке әкелетінін еске саламыз.

Айта кетейік, «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы 29 маусымға дейін жалғасады.

 

                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі