Ер адам көлікті жәбірленушінің гаражынан айдап кеткен

Ер адам көлікті жәбірленушінің гаражынан айдап кеткен

                                                                   Ер адам көлікті жәбірленушінің гаражынан айдап кеткен

 

Шығыс Қазақстанда полиция қызметкерлері автокөлікті айдап кетуге сезіктіні анықтады.

7 маусымда Ұлан ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті, ол белгісіз біреулер гараждан күйеуінің автокөлігін ұрлап, 6 миллион теңгеге жуық шығын келтіргенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні тауып, ізін суытпай ұстады, ол бұрын сотталған 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

B ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі