«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»: ШҚО-да 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»: ШҚО-да 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды

                                                                   «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ»: ШҚО-да 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету мақсатында ағымдағы жылдың 13-21 маусым аралығында ШҚО аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы өткізілуде.

Іс-шараның жеті күнінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар облыс бойынша отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмі бар 9 500-ден астам парақшалар таратты, қалалар мен аудандардың көшелерінде 140-тан астам билбордтар мен плакаттар орналастырылды.

Сондай-ақ, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі. Оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.

- «Акция басталғаннан бері 348 азаматқа қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, 65 құқық бұзушыға қатысты сот тәртібінде мінез-құлыққа ерекше талаптар қойылды. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 131 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» республикалық акциясы ШҚО-да 21 маусымға дейін жалғасады.

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі