Өскеменде полицейлер әуесқой футболдан финалдық кездесу ұйымдастырды

Өскеменде полицейлер әуесқой футболдан финалдық кездесу ұйымдастырды

                                                                   Өскеменде полицейлер әуесқой футболдан финалдық кездесу ұйымдастырды

 

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Ведомствоаралық мобильді топпен, «DoGood» қоғамдық қорымен бірлесіп, Өскемен қаласындағы  «Сигнал» ашық алаңында «Есiрткiге жоқ деп айт!» ұранымен Өскемен қаласының әртүрлі аудандарының тұрғындарынан жиналған командалар арасында әуесқой футболдан финалдық кездесу ұйымдастырды.

Құқық қорғау органдары үшін жастар арасында осындай спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі мақсаты есірткіге қарсы иммунитетті тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарыс басталар алдында полиция қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға түрлі қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ескертті.

Турнирге 40-тан астам жастар қатысып, қызықты да әсерлі ойында өз шеберліктерін , күш-қуатын және  ептілігін көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша командалар Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының атынан грамоталармен, медальдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыларға «Есірткіге жоқ деп айт!» логотипі бейнеленген футболкалар мен кепкалар табыс етілді.

Біз ұлт денсаулығы үшін!

 

                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі