
Риддер қаласының тұрғыны 1,5 кг-нан астам есірткі сатпақ болған
Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Риддер қаласының 44 жастағы тұрғынының есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы туралы ақпарат келіп түсті.
Тексеруді бастағаннан кейін ақпарат өзінің растауын тапты. 1- маусымда «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары аталған ер адамды ұстады. Өзімен бірге белгілі бір иісі бар өсімдік тектес 3 полимерден және бір қағаздан жасалған түйіншек болған. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұқсас құрамы бар 86 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.
Жүргізілген сараптама күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы 1 503,2 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы екенін көрсетті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Ұсталғаннан кейін күдікті қамауға алынды, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде».
ШҚО ПД баспасөз қызметі