Армениядан қазақстандықтар әкелген автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін 10 айдан аз уақыт қалды

Армениядан қазақстандықтар әкелген автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін 10 айдан аз уақыт қалды

                                                                   Армениядан қазақстандықтар әкелген автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін 10 айдан аз уақыт қалды

 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан Республикасының азаматтарына тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстан Республикасына әкелінген көлік құралдарын тіркеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына тіркеу шарттарына сәйкес келетін 196 автомобиль тіркелген, оның ішінде 50 автомобиль рульдік басқаруды оң жақтан сол жаққа қайта жабдықталған.

Сонымен қатар, бірқатар объективті себептер бойынша, кейбір автокөлік иелері өз автомобильдерін тіркемеді немесе оларды елден тыс жерлерге шығара алмады. Атап айтқанда, күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мемлекеттік шекараны кесіп өту шектеулеріне байланысты автокөлікті Арменияға кері әкету проблемалары туындады.

Осы және өзге де проблемаларды ескере отырып, ел Үкіметі ағымдағы жылғы 24 наурызда осындай автомобильдерді тіркеу мерзімін 2023 жылғы 1 наурызға дейін ұзартты (Үкіметтің № 156 Қаулысы).

Армениядан әкелінген автомашинаны Қазақстанда тіркеу үшін тіркеу алымдарын (жалпы сомасы 13 мың теңгеден аспайтын) төлеу, жеке басын куәландыратын құжатты, нотариалды куәландырылған аудармасы бар автомобиль құжаттарын ұсыну талап етілетінін еске салған жөн.

Автомашинаны тіркеу үшін басқару органдарын оң жақтан сол жаққа ауыстыруға байланысты өзгерістер енгізілген, сертификаттау органдары беретін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы құжатты қосымша ұсыну қажет.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы осы құжатты мынадай аккредиттелген ұйымдар береді:

- «ҒЗО "Алматы-Стандарт» ЖШС, Алматы қ., Алатау ауданы, Мәдениет ш / а., Сүйінші к-сі, 1 үй, тел. (8-727)317-05-31;

- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалының сынақ орталығы, Қостанай қ., Гоголь к-сі, 79А үй, тел. (87142)54-29-37, 57-05-64, 52-20-66;

- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының сынақ бөлімі, Орал қ., Гагарин к-сі, 23 үй, Молдағұлова к-сі, 23/1 үй, тел. (8-7112) 23-97-45;

- «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы, Петропавл қаласы, 2-ші Первомайская көшесі, 9-үй, тел. (8-7152)52-03-60.

Тіркелгеннен кейін иелеріне Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы Ұлттық куәлік және сары түстегі мемлекеттік нөмірлер беріледі.

Сонымен қатар, Армениядан тіркелген автомобильдерді пайдалану мерзімі шектелмейді, автомобиль иесі оны иеліктен шығару құқығынсыз пайдалану мерзімі туралы шешім қабылдауға құқылы.

Осылайша, бүгінгі күні Армения Республикасында тіркелген және 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға әкелінген көлік құралдарының иелеріне өз автомобильдерін есепке қою мәселелерін шешу үшін 10 айдан аз уақыт қалды.

Осыған байланысты, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті меншігінде армян есебінде автокөлігі бар тұрғындарға оларды тіркеу мәселесін кешіктірмеуге кеңес береді.

           

                                                                                                                                ШҚО ПД Баспасөз қызметі