Полицейлер танысына 4 млн теңге қарыз болған әйелді тапты

Полицейлер  танысына 4 млн теңге қарыз болған әйелді тапты

                                                                     Полицейлер  танысына 4 млн теңге қарыз болған әйелді тапты

 

Маусым айында Өскемен қ.ПБ Көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының облыс орталығының 48 жастағы тұрғынынан 4 000 000 теңгеге жуық қарызды өндіріп алу туралы қаулысы келіп түсті.

Әйел өзінің танысынан 2 500 000 теңгені пайызбен қарызға алып, белгіленген мерзімде қайтармаған. Шамамен екі жыл бойы борышкер ақша қайтармай, досынан жасырынып жүрген. Сот дауларынан кейін қарыз 4 млн. теңгеге дейін ұлғайды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздеу жұмыстарын бастамай-ақ, борышкердің мекен-жайын анықтады, белгілі болғандай, осы уақыт бойы әйел Өскеменде тұрған. Енді қарызды өндірумен сот орындаушылары айналысатын болады.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-ның 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі