
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының базасында ШҚО ПД басшылығының және оның құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен ведомствоаралық жедел кеңес өтті
Күн тәртібінде 2021 жылғы 4-тоқсандағы, сондай-ақ 2022 жылғы өткен кезеңдегі есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығының жай-күйі туралы мәселе қаралды.
2021 жылғы қарашада Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыс прокуратурасымен құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды, оның құрамына прокуратура, полиция, ШҚО бойынша ҚР ҰҚКД және ШҚО бойынша ЭТД қызметкерлері енгізілді.
2021 жылғы 5 қарашада облыс прокуроры 2021-2022 жылдарға арналған құқық қорғау және арнайы органдардың есірткі қылмыстарын анықтау жөніндегі өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі жоспарды бекітті.
Аталған Жоспарды орындау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасының үйлестіруімен ақпарат алмасу, бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу бойынша құқық қорғау және арнайы органдар арасындағы өзара іс-қимыл айтарлықтай жолға қойылды. Бұл ретте, психотроптық заттардың контрабандасы, синтетикалық есірткілерді дайындау және өткізу жөніндегі зертханалар, республиканың оңтүстік өңірлерінен есірткіні жеткізу арналарын анықтау, сондай-ақ психотроптық заттарды салушы бірнеше курьерді ұстау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілді.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі