ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

                                                             ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

 

ЖКО алдын алу және түсіндіру, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 2022 жылғы 16-19 маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Қауіпсіз жол» облыстық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

4 күн ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін анықтап, жолын кеседі. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артады. Тәртіп сақшылары көлікті мас күйінде басқарумен байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарын, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау және ұялы телефон арқылы сөйлесу ережелерін анықтайтын болады.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының автокөлік жолдарында 240 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелген, онда 43 адам қаза тауып, 338 азамат түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және тәртіп бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

                                                                           

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі