«БОРЫШКЕР»: ШҚО-да LAND ROVER жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам теңге қарыз

«БОРЫШКЕР»: ШҚО-да LAND ROVER жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам теңге қарыз

                                                               «БОРЫШКЕР»: ШҚО-да LAND ROVER жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін 1,5 миллионнан астам теңге қарыз

 

13 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды уақтылы орындау мақсатында өткізіледі.

ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов атап өткендей: « Шараның алғашқы күні Өскемен қаласының 26 жастағы тұрғыны жол қозғалысы ережелерін үнемі бұзғаны анықталды. Жүргізуші жалпы сомасы 1 600 000 теңгеге 79 әкімшілік айыппұл жинақтаған. Тәртіп бұзушының автокөлігі қарызын толық өтегенге дейін арнайы тұраққа қойылды».

Айта кетейік, «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің бірінші күні тәртіп сақшылары пәтерлерді және үйлерді аралап, жалпы сомасы 17 млн теңге болатын әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар 2 000-нан астам азаматты хабардар етті.

«Борышкер» жедел алдын алу шарасы 15 маусымға дейін жалғасады.

 

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспсөз қызметі