
Шығыс Қазақстанда «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы басталды
Құқықтық тәртіп сақшылары халықтың қалың жігін таныстыру және отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 13-21 маусым аралығында облыс аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ !» акциясын өткізуде.
Акция профилактикалық сипатқа ие және халықты отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қолданылатын шаралармен таныстыруға бағытталған.
ШҚО полицейлері тұрақты негізде 77-46-76 сенім телефоны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы мәселелерге тегін кеңес беру және түсіндіру бойынша « жедел желі» жұмысы ұйымдастырылды (77-19-22, 8-771-44-511-44 телефондары бойынша).
Бұдан басқа, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдардың, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізіледі.
Оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған және мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамдардың белгіленген шектеулерді сақтауына ерекше назар аударылады.
Азаматтар көп жиналатын жерлерде аталған тақырыпта билбордтар мен плакаттар орналастырылады, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жадынамалар мен буклеттер таратылады.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды зорлық-зомбылық фактілері туралы жасырып қалмай, полицияға жүгінуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі