
Шығысқазақстандықтар заңсыз сақталған атыс қаруының 149 бірлігін тапсырды
2014 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасының аумағындаҮкімет қаулысына сәйкес халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу акциясы өткізіледі.
Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін қарудың түрі мен санатына қарай Республикалық бюджеттен төлем жасау көзделеді, төлем 10-нан 100 АЕК-ке дейін, ал ақшалай баламада 31800-ден 318000 мың теңгеге дейін құрайды.
Екі айдың ішінде азаматтардан 110 өтініш келіп түсті, 149 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 26ойық және 123 тегіс ұңғылы қару қабылданды, 370 дана ойық оқ-дәрілері,алдын ала сомасы 9 846753 теңге.
Сонымен қатар, ескеретіміз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік жауапкершіліктен де, қылмыстық жауапкершіліктен де босатылады.
Сондай-ақ, жарақаттанудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілермен ешқандай іс-қимыл жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы кез келген полиция бөлімшесіне 102 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлауды сұраймыз.
Полиция департаменті өткізілген акцияны халықтың түсінуі мен белсенді қатысуына сенеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі