
Алтай ауданының ювеналды полиция қызметкерлері үйден қашып кеткен 4 жасар баланы ата-анасына қайтарды
9 маусымда Алтай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімінің «102» жедел арнасына қала тұрғыны хабарласып, Жеңіс саябағында ата-анасыз жас бала жүретінін хабарлаған. Ювеналдық полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың тұрған жеріне дереу келіп, оның деректері мен мән-жайларын анықтауға кірісті.
Баламен әңгіме барысында оның тек баланың атын және оның 4 жаста екенін білуге мүмкін болды. Бала мазасызданып, абдырап тұрды. Баланы тыныштандырып, полиция майоры Жанна Қасымжанова анасының үй шаруасымен айналысып жатқан кезде, үйден қашып кеткенін баладан білген. Белгілі болғандай, батутқа апармағаны үшін әкесіне ренжісіп қалған екен. Бақытқа орай, баланың өзімен бірге кішкентай сөмкесі бар екен, онда әкесінің жеке куәлігі мен ұялы телефоны жатыр екен, соның нәтижесінже ата-анасының деректері мен тұрғылықты мекенжайын бірден белгілі болып, бірнеше минут ішіндеполицейлер баланы ата-анасымен қауыштырған.
Баланың анасы көзіне жас алып тәртіп сақшыларының, ұлының аман-есен оралуына септігін тигізгендері үшін алғысын білдірді.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мүмкіндігінше олар қайда және кіммен, сіз жұмыста болған күні не істейтініне жиі қызығушылық танытыңыз.
Есіңізде болсын, сіздің балаларыңыздың өмірі тек өзіңізге байланысты!
ШҚО ПД баспасөз қызметі