
Семейлікті танысы алдап кетті
Ағымдағы жылдың 21 мамырында Семей қ. Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына 59 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ол 2018 жылдың шілдесінде оның танысы қала банктерінің бірінде 680 000 теңгеге жуық қаражатын алдап алғанын хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, қаскөй өз несиесін жабу үшін ақшаны сұрап алған.
Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде жауап алу кезінде мойындалған 42 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі