
Белгілер кедергісіз көрінеді !!!
Полиция Департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жол белгілерінің, бағдаршам объектілерінің нормативтік көрінуін қамтамасыз ету және оларды ауыстыруға, апаттылықты төмендетуге және алдын алуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізуде.
Әкімшілік полицияның жол қадағалау мамандары облыс орталығының көшелеріне қосымша тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер ететін жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарының көрінуі шектеулі 50 – ден астам орын анықталды, мердігер ұйымға кемшіліктерді жою бойынша 25 нұсқама жіберілді –деді ШҚО ПД ӘПБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Еркін Ануарбеков.
Ішкі істер органдарының басты міндеті жол-көлік оқиғаларының деңгейін төмендету, жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің назарын және шоғырлануын арттыру болып табылады. Сондықтан Өскемен қаласында және облыстың басқа елді мекендерінде жол белгілерін жасыратын бұтақтарды санитарлық кесу, сондай-ақ ескірген реттеу құралдарын ауыстыру жүргізілуде.
Осы мақсатта, ағымдағы жылы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен 1 000 астам белгіні орнату және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді, 143 000 шаршы метр жол таңбасы салынды. Бұл жұмыстар облыстың барлық қалалары мен аудандарында басталды.
Көше-жол желісінің қауіпсіз жағдайын бақылау бойынша жұмыс аймақ полицейлерінің тұрақты бақылауында.
ШҚО ПД баспасөз қызметі