
Жеңілдікпен пәтер алып беремін
Өскемен тұрғыны алаяқтың қармағына ілінді.
Ағымдағы жылдың 11 мамырында Өскемен қ. Ертіс ПБ «102» жедел арнасына алаяққа алданған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші өткен жылдың наурызынан сәуір айы аралығында оның танысы пәтер сатып алуға көмектесемін деген сылтауымен 10 500 000 теңгеге жуық ақша қаражатын алдағанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіге жеңілдетілген бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмектесуге уәде берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі