
Семейде есірткінің аса ірі партиясы тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын жалғастыруда.
Жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде Семей қаласында есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын реттемек болған 38 жастағы қала тұрғыны анықталды.
Жедел уәкілдер қаскөйді қылмыс үстінде ұстады.
Тінту барысында оның үйінен 25 кг-нан астам «марихуана» есірткі заты табылды.
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «күдікті «марихуананың» ірі партиясын 335 дана полиэтилен пакетке салып, оларды қала жастарына одан әрі сату үшін дайындады. Қазіргі уақытта оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сараланады және соттың санкциясымен ол қамауға алынды».
ШҚО ПД баспасөз қызметі