Алтай ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері республикалық тас жолда адасқан 5 жасар баланы туыстарына қайтарды

Алтай ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері республикалық тас жолда адасқан 5 жасар баланы туыстарына қайтарды

                                                     Алтай ауданының полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері республикалық тас жолда адасқан 5 жасар баланы туыстарына қайтарды

 

Ағымдағы жылдың 4 маусымында Алтай қаласындағы Партизанская көшесін патрульдеу кезінде патрульдік полиция взводы инспекторлары полиция аға лейтенанты Сырым Қаликан мен полиция аға лейтенанты Дәурен Зарқымқанов тас жолда  велосипедпен келе жатқан жас баланы көрген. Бала қатты абдырап, қорқып кеткен, полицейлерді көргенде жылапжіберген. Әңгіме барысында бала үйден кетіп, адасып кеткенін айтқан. Баламен сөйлесу кезінде оның Алтай қаласынан 4 шақырым жердегі Маяк ауылында тұратыны, сол жерден қалада жұмыс істейтін анасына өз бетінше баруды шешкен. Маяк ауылында бала әжесімен бірге болған, ол үй шаруасымен айналысып жүргенде, немересінің үйдің ауласынан велосипедпен қалай шығып кеткенін байқамай қалған.

Бала жақындарынатапсырылды. Әжесі мен бала қорқыныш пен үмітсіздік эмоцияларынан аман өтіп, нағыз күйзелісті бастан өткерді. Алтай аудандық ПБ патрульдік полиция взводының инспекторы, полиция аға лейтенанты Сырым Қалиқанның айтуынша, бала табылған жол – күнделікті көліктер көп өтетін республикалық маңызы бар тас жол.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ата-аналар мен туғандарын қырағы болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және олармен қауіпсіз тәртіптің негізгі ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуге шақырады.

 

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі