Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде марихуана өсіру жолы кесілді

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде марихуана өсіру жолы кесілді

                                           Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде марихуана өсіру жолы кесілді

 

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері өсіруге тыйым салынған  құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісінің жолын кесті.

Тәртіп сақшыларымен республикалық «Қарасора-2022» ЖАІШ аясында  жеке тұрғын үйінде дәрілік есірткі шөп өсірген Глубокое ауданы Бобровка ауылының 31 жастағы тұрғыны анықталды.  

Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған шкафтан  «марихуана» өсімдіктерінің бұталары бар көптеген құмыраларды тапты, сот-химиялық зерттеу олардың «каннабис» тобымен байланысын растады.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 300 бабы 1 бөлігі (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген».

 

                                                                                                              ШҚО ПД баспасөз қызметі