Үй тонаған

Үй тонаған

2019 жылдың желтоқсан айының соңғы күндері «102» арнасына Өскемен қаласының зейнеткер жасындағы тұрғыны хабарласып, ешкім жоқта үйінің тоналғанын айтқан.

Тексеру барысында белгісіз тұлға жуынатын бөлменің пластик терезесін қысып ашу арқылы ішке еніп, үй иесінің алтын бұйымдарын қолды етіп, 3 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Түскен шағым бойынша дереу ізге түскен Өскемен қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көп ұзатпай Семей қаласының автобекетінде Алматы қаласының автобусына отырмақ болған жерінде күдіктіні қолға түсіреді.

20 жасар күдіктінің Павлодар қаласының тұрғыны екені анықталып, бұлтартпас айғақтар нәтижесінде оның жымысқы әрекеті толықтай мойындалады. Қазіргі таңда қасақана үйді тонау әрекеті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3 тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі